Ата Заң – елдігіміздің еңесі

Ағымдағы жылдың 23 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне орай «Ата Заң – елдігіміздің еңсесі» атты ақпараттық сағат өткізілді. Аталмыш шараға Ақмола облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының кызметкерлері қатысты.

Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 26 жыл болады. Еліміздегі басты құжат 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған. Содан бері 30 тамыз мемлекеттік мереке болып саналады. Алайда бұған дейін еліміздің қалыптасу тарихымен қатар Конституциямыз да бірнеше рет қабылданғаны белгілі. Осыған байланысты іс-шара қатысушыларына Ата заңымыздың тарихы бойынша ақпарат берілді.

Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда қабылданған болатын, артынан 1937, 1978, 1990, 1993 жылы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Ал, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Қатысушылар Конституция Күні туралы бейнеролик тамашалады және «Сіз білесіз бе?» викториналық ойынына белсенді қатысты. Сондай-ақ, кітапхана қорында бар «Заң газеті», «Заң», «Юридическая газета» мерзімді басылымдары мен кітаптарды қызыға қарады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *