«Ата заң – тұрақтылық кепілі»

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, 26 тамызда  Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Қоғамдық келісім» КММ өткізілетін «Ата Заң – тұрақтылықтың кепілі» дөңгелек үстелінің жұмысы шеңберінде «Азат елдің ар-намысы Ата Заң» атты таймлапс ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі Сейтқасымов Аманай Асылбайұлы, Ақмола облысы Әділет департаментінің өкілі Берлибекова Тоты Қапарқызы, сондай – ақ Көкшетау қаласы Аналар кеңесінің төрағасы Золоцкий Наталья Васильевна және «Вайнах» шешен – ингуш орталығының төрағасы Яндиев Герихан Ибрагимович қатысты. Модераторлар Қазақстан Республикасының пайда болу тарихымен таныстырды, сондай – ақ Қазақстан Республикасының басты заңы-Конституцияға көп көңіл бөлінді. Дөңгелек үстелдің ақпараттық фонында кітапхананың дайындаған «Конституция-әділет пен парасат жолы» атты көрмесі болды.