Зеренді аудандық кітапханасында «Кітапхана қызметі бойынша сандық деректер және проблемалық мәселелер» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинар жұмысына Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының орынбасары Асель Маратқызы, кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Дана Хайрулқызы, сондай-ақ Айгерім Тілегенқызы және әдебиеттерді жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Хадиша Тұрсынқызы қатысты.
Іс-шара барысында облыстық кітапхана мамандары кітапхана қызметінің сандық көрсеткіштері, деректерді талдау тәсілдері, сондай-ақ саладағы өзекті проблемалық мәселелер жөнінде мазмұнды баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушыларға кәсіби ұсыныстар айтылып, нақты әдістемелік бағыт-бағдар берілді.
Аталған семинар кітапхана саласындағы қызмет сапасын арттыруға, әдістемелік қолдау көрсетуге және мамандар арасында кәсіби тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік берді.




