Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып, өз сөзінде: “Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек” – деген болатын. Осы орайда “Ауыл кітапханаларына 100 кітаптан” атты акция басталды.
Бұл бастаманың мақсаты арқылы шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Осы орайда Целиноград ауданының Родина ауылына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан 100 дана кітап табысталды.