Неміс ақыны және драматург Готхольд Эфраим Лессинг 1729 жылдың 22 қаңтарында (1729-1781) дүниеге келді. Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі оның шығармашылығы несімен қызықты екендігін айтады!
Готхольд Эфраим Лессинг алғашқы бастауыш білімді әкесінен танып, содан кейін латын мектебінде оқып, көне тілдер мен көне әдебиетті зерттеп жүрді. Студент кезінде жазушы өзінің «Дамон» және «Молодой учёный» атты алғашқы драмалық шығармаларын жазды. Оның авторлығымен «Театр кітапханасы» атты журналы басылып шығып жүрді.
Автордың ең жарқын туындыларының бірі – «Лаокоон, или О границах живописи и поэзии», ал одан кейін 1772 жылы өзінің ең маңызды саналатын «Эмилия Галотти» драмасын жариялады. Ал «Натан Мудрый» – жазушының ең танымал деп есептеленетін пьесасы.