АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУДІ БАСТАП КЕТТІ

Көп тіл білсең, білімнің көкжиегі кеңитіні рас. Бүгінде тіл білу қажеттілігі өз алдына, жұмысымызды шет елдерге таныту үшін де ғылымның, білімнің кілті көп тілді білуде болып тұр, « Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тілің – тірлік үшін»-деген сөздің мәні де осыған саяды.
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы бүгін ағылшын тілін оқып үйренуді бастап кетті. Бұдан бір ай бұрын мемлекеттік тілді үйрену курсы ашылған болатын, 2 топқа бөлінген ұжымның 19 адамы қазақ тілін үйреніп жатыр.
Бүгінгі таңда әлеуметтік өркениеттің ағылшын тілін білу қажеттілігі туындап тұрғандығы жасырын емес, бұған шет елге шыққан әркімнің-ақ көзі жетіп оралады.
Бұл игілікті шараға кітапхана басшылығы мұрындық болып, Ақмола облыстық Мәдениет басқармасы тарапынан қолдау жасалды.
Тілдерді оқыту үшін Ақмола облыстық оқыту-әдiстемелiк орталығының білікті мамандары тартылған, қазақ тілін үйренетін екі топқа Айман Сейілбекқызы сабақ берсе, ағылшын тілін үйренуші екі топқа Гаухар Серікболқызы сабақ береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *