Ақын Олжас Сүлейменовпен онлайн кездесу

20 мамыр күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасы Zoom платформасында Қазақстанның халық жазушысы, ақын, тілтанушы, саясаткер, Қазақстанның Еңбек Ері, әлем мойындаған Ұлы ақын Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 85 жасқа толу мерейтойына арналған онлайн кездесу өткізді. Оған Қазақстанның барлық облыстық кітапханалары қатысты.
М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің» меңгерушісі Б.А. Ерманова Олжас Омарұлын туған күнімен құттықтап, осы бөлімнің кітапханашысы М.Н. Альжанова ақынның «Махамбету» деп аталатын өлеңін оқыды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *