Ақын Қуаныш Оспанның «Сыбаға»

2021 жылғы 8 маусымда М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімі» «Ақын Қуаныш Оспанның «Сыбаға» этнографиялық дастанындағы этнопедагогикалық мәселелер» тақырыбында сұхбат өткізді.
Аталмыш сұхбатқа ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, облыстық, аймақтық, республикалық ақындар айтысы мен жыр мүшәйраларының жүлдегері, қазіргі күні облыстық кітапхана директорының орынбасары Қ.Е. Оспан және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті «Филология» факультетінің доценті, ф.ғ.к. С. Жәмбек қатысты. Іс-шараны жүргізген «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің» кітапханашысы М.Н. Альжанова.
Сұхбатқа таңдалып алынған «Ақын Қуаныш Оспанның «Сыбаға» этнографиялық дастанындағы этнопедагогикалық мәселелер» атты тақырып, жалпы дастанның тақырыбы қазақ ұлтының бүгінгі болмысы, бүгінгі бағдары, дәл бүгінгі жүріп келе жатқан жолы тұрғысынан қарайтын болсақ, өте керекті, көкейтесті тақырып.
Осы тақырыпты ашу мақсатында «Сыбаға» дастанының авторына және С. Жәмбек мырзаға бірнеше сұрақтар қойылды. Шығарманың мазмұны мен идеясы, өмірге келу тарихы, қазақ балаларына ұлттық тәрбие берудегі рөлі, қазақ халқының бүгінгі ұлттық тәрбиесі жайында әңгіме өрбіді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *