Анам киген кимешек,
Әжем киген кимешек,
Жетімсіреп тұрмай ма?
Біз құрметтеп кимесек?!- деген өлең жолдары бұдан неше жыл бұрын айтылған болса да, бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ.
Болашақ сарайының төріндеөткен «Ақ жаулық – асыл аналардың аманаты» атты ұлттық салт-дәстүрімізге арналған дөңгелек үстел деаналарымыздың иісі сіңген, бастарынан тастамай, әппақ арындай сақтаған ақ-жаулыққа арналды.
Мағжан Жұмабаев атындағыАқмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Болашақ сарайының қолөнер үйірмесінің мүшелері бірігіп іс-шараны салт-дәстүрімізді одан әрі жалғастырып, жастарға насихат ету мақсатында ұйымдастырылды.
Жылдың әр маусымында мал жағдайымен көшіп-қонып жүрген ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар игілігіне жаратқан киім үлгілері өте көп.
Соның ішінде: Әйелдер бас киімінің салтанатты да сәнді түрі – кимешек. Бұрынғы өткен апа-әжелеріміз жастары әбден ұлғайып, бетінің ажары азайған кезінде, адамның ажарын ұсақ-түйек кемістіктен қорғап тұрсын дегендей мақсатпен киді ме екен деп те ойлайсың. Қарт адамның ақ тілеулі ниет-пиғылын айтқызбай ұқтыратындай киім де осы – кимешек, ақ жаулық.
Болашақ сарайының қолөнер үйірмесінің жетекшісі Нұрқанова Гүлбара Намазбекқызытақырыпқа лайықтап дайындаған слайд тамашаланды.
Ақжаулық туралы аудиокітап тыңдалып, атадан қалған аңыз әңгімелерге тоқталды.
Қазіргі кезде де әжелеріміздің кимешек кигісі келмейтіні жоқ.Тіпті жас әжелердің арасында да осы киім үлгісіне қызығушылық танытып жүргендер бар. Бүгінгі отырысымыз да бұрынғы салт-дәстүріміздің жаңғырып, жанданып келе жатқанының көрінісі деуге болар.Қатысушылар ел аузындағы осындай тәрбиеге толы маңызы бар аңыз әңгіменің астарын аңғарып, сол орамалдың, ақ жаулықтың қадір-қасиетін танығандай әсерде болды.
Осы шарада қазақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі, аналарымыздың отбасында бос уақыттарында айналысатын сүйікті ісінің бірі – ұршық иіруге де кезек бердік. Әжелер ұршық иіретін шебер сынып өткізді, қатысушы жастарға жүннен тоқылған киім үлгілері, жүннен қалай жіп иірілетіні іс барысында көрсетілді.
Оқушыларға сұрақ-жауап жүргізіліп, өлең оқылды.
Іс-шараның соңында әрбір аруымыз елдің арын сақтап, ұрпақты тәрбиелеуде атсалысады, Ұлттық дәстүрімізді одан әрі жалғастырады деген сеніммен, ақ жаулықты аналардың батасымен тарадық.