Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушыларымен Кеңес Одағының Батыры, халқымыздың мақтанышы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Аңыз қыз» атты ақпараттық-танымдық сағат өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға ерліктің, патриотизмнің символына айналған Әлия Молдағұлованың
балалық шағы, соғыс жылдарындағы ерлігі мен батырлығы жайлы кең көлемде мәлімет берілді. Кітапхана қызметкері батыр қыздың өмір жолын баяндап, оның рухына арналған әдеби шығармалар мен деректі фильмдерден үзінділер көрсетті.