Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің

2 маусым күні Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде «Лингвотоқсан» аясында «Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің. Радость жизни – детский смех. Children’s laughter is a priceless gift» атты «LingvaRoom» жобасы аясындағы отырысы өткізілді.
Іс-шараға №1 мен №6 мектеп оқушылары қатысты. Бірінші кезекте балалар кітапхана бөлімдері мен жұмысымен терең танысып, үлкен танымды ақпарат алды.
Балаларға осы кезге дейін оқыған барлық ертегілерінен қызықты сұрақтар қойылып, викторина өткізілді. Керемет кезең – жаз туралы тақырыптық өлеңдер, және де ағылшын тіліндегі көңілді лексикалық және грамматикалық ойындар таңдалып, тамаша уақыт өткіздік.
Талай қызық пен ойынға толы жаз мезгілінде балалар кітап оқуды ұмытпай, кітапханаға әрі көп рет келеді деген ойдамыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *