Балалар кітабы апталығының жабылуы

8 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балалар кітабы апталығының жабылуы өтті. Бір жұма бойы қаламыздағы мектеп оқушылары үшін әртүрлі бағыттағы, түрлі танымдық, шығармашылық байқаулар, сайыстар өткізілді. Барлығы 200-ден астам оқушылар қамтылды. Апталықтың ашылуы №12 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өтті. Аталмыш мектеп кітапханашысы Сәуле Талғатқызы балаларды жоғары дәрежеде дайындап, іс-шараның жақсы өтуіне ат салысты. Ашылуға келген оқшылардың ешқайсысы назардан тыс қалмады. Оларға «Гормолзавод» ЖШС атынан балмұздақ сыйға таратылды. Апталықтың екінші «Табиғат пен шығармашылық» сурет байқауы өтті. Оған «Balakai» шығармашылық студиясының 9-12 жас аралығындағы кішкентай суретшілері қатысты. Сонымен қатар, балалар жазушысы, журналист Серік Сапарұлымен кездесу өтті. №21 мектеп-лицейінің оқушылары ақынның өлеңдерінен шашу шашты. Сондай-ақ, №11 мектеп-гимназиясының оқуышлары білімдерін сынып, «Кітап қиял әлемі» атты брейн-рингке қатысты.
Жабылу аясында сурет байқауының жеңімпаздары, кітапханамыздың белсенді оқырмандары Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында директоры Қуаныш Оспановтың атынан Алғыс хаттар және ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Ақмола облысы Іскер әйелдер кеңесінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Іс-шарада №21 мектеп-лицейі мен №12 жалпы білім беретін мектептің белсенді оқушылары, «Balakai» шығармашылық студиясының талантты шәкірттері, №2 мектеп-лицейінің көптілді “In the world of art” театралдық студиясы өнер көрсетті. Іс-шараға №4 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушылары көрермен болып келді.
Балаларды құттықтап келген Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Ақмола облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Көпенова Гүлнұр Сейпішқызы, кеңес мүшесі Есенова Гүлайым Ерғалиқызы балаларды кітаппен дос болуға шақырып, өздерінің жақсы тілектерін білдірді.
Сондай-ақ, апталықтың жоғары дәрежеде өтуіне ат салысқан «Kok Su Kz» ЖШС, «Радужная зебра» ЖК, «Бек-АРТ» ЖК алғыс білдіреміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *