16 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №11 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін «Батырларға мың тағзым» атты патриоттық тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты елін, жерін қорғаған батырлардың ерлігін үлгі ету, батырлық дәстүрін дәріптеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шара барысында қазақ батырларының ел қорғаудағы ерліктері мен тарихи оқиғаларға байланысты деректер айтылды.
Қатысушыларға Қабанбай батыр, Наурызбай, Райымбек, Исатай мен Махамбет туралы, Ұлы Отан соғысы жылдары ерлік көрсеткен Талғат Бигельдинов, Мәлік Ғабдуллин, Рақымжан Қошқарбаев сынды ел қорғаған батырлардың өмір жолдары мен ерлігі туралы мәлімет берілді.