Баянғали Тақанұлы Әлімжанов

Құрметті Баянғали Тақанұлы!
Сізді мерейлі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің қаламыңыздан туған көркем шығармалар мен мағыналы мұралар – ұлтымыздың рухани байлығы, әдебиетіміздің алтын қорына қосылған құнды қазына. Ақын, жазушы, драматург әрі жыршы ретінде Сіз халықтың жүрегінен орын алып, ел мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келесіз.
Өнеріңіз бен өрелі сөзіңіз талай ұрпаққа үлгі болып, қазақ руханиятының мәңгілік шамшырағы болып қала береді деп сенеміз.
Сізге зор денсаулық, шабытты шығармашылық, отбасыңызға амандық, мол бақыт тілейміз!
Ізгі ниетпен,
М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық
ғылыми әмбебап кітапханасының ұжымы