2025 жылдың 14 қазанында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің студенттерімен бірлесіп, Қазақстандағы Рухани келісім күніне арналған «Бейбітшілік пен келісім» тақырыбында сұрақ-жауап кешін өткізді. Кездесу дәстүрлі діндер мысалында жастардың рухани адамгершілігін қалыптастыру және халық арасында сананың толеранттылығын қалыптастыру мақсатында өтті. Талқылау тақырыптары Рухани келісім, мәдениет, сондай-ақ қазіргі Қазақстан үшін ерекше өзекті болып табылатын радикалды ағымдарға қарсы іс-қимыл мәселелерін қамтыды. Тақырыпқа қатысты ақпараттық роликтер болды. Студенттерге слайд-шоулар мен фильмдер көрсетілді. Іс-шара соңында студенттер өңірдегі түрлі діни ағымдар туралы өз пікірлерін білдірді, сондай-ақ жарыссөзге белсенді қатысты. Іс-шара фотосессиямен аяқталды.