13 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі Асқар Тоқпановтың 110 жылдығына орай «Күнтізбе беттерінен» экспрес-көрме ұйымдастырды. Асқар Тоқпанұлы өнер зерттеушісі ретінде «Сахна сазы», «Кешеден бүгінге дейін», «Іңкәр дүние» атты жинақтардың авторы. Сонымен қатар өнер иесі дүниеден өткен соң «Асқар Тоқпанов» атты көзкөргендердің естелік жинақтары жарық көрді.