Кітап – асыл қазына. Ал, кітапхана – ғасырлар бойы келе жатқан шырағы биік парасат пен білімнің киелі шаңырағы. Ал балалар кітапханасы-кез келген оқырман үшін жайлы орта жасайтын көпқырлы әлем.
Бүгін Балалар жылы аясында, Бурабай ОКЖ-нің аудандық орталық балалар кітапханасының жеке ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.
Балалар кітапханасында заманауи жабдықтар мен жиһаздар, компьютерлік және көбейткіш техника, жаңартылған кітап қоры бар. Кітапханада бірнеше аймақтар жұмыс жасайды. Атап айтсақ, ашық кітап қоры, 10 орындық оқу залы, коворкинг орталығы , абонемент, балалар жылына арналған балалар бұрышы. Ыңғайлы, жайлы балалар кітапханасында – тегін Wi-Fi, “Көкжиек” шығармашылық-танымдық клубы, «Досым оқыған кітап» жобасы жұмыс істейді. Онда көңіл көтеруге, жаңа білім алуға, шығармашылықпен айналысуға, жаңа достарымен танысуға және өзін тануға мүмкүндік бар.
Салтанатты шараға Бурабай ауданының әкімі Ә.А. Мұздыбаев, Бурабай аудандық мәслихатының хатшысы М. Б. Нұрпанова, аудандық “Бурабай” газетінің директоры Ө. Т. Бейсенов, Бурабай ауданының мәдениет бөлімінің басшысы Д. С. Қарсыбаева, кітапхананың жас оқырмандары, ата-аналар, қала тұрғындары қатысты.
Балалар кітапханасының есігі барлық балалар үшін ашық, сіздерді осы ғажайып, заманауи кітап әлеміне шақырамыз. Сізге ұнайды деген сенімдеміз!