Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Абай Мырзахметов атындағы университетпен бірлесіп “Біз өз құқығымызды білеміз бе?” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер мен оларды шешу” атты Жолдауы насихаттау аясында, сондай-ақ “Құқықтық мемлекет- әділетті қоғам біздің таңдауымыз» жобасы шеңберінде өтті. Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауының негізгі 7 бағыты талқыланды. Абай Мырзахметов атындағы университеттің студенттері Жолдау бойынша жарыссөздер мен пікірталастарға белсенді қатысты.