«Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында «Тәкен Әлімқұлов. Ақбоз ат» атты библио-кафе ұйымдастырды. Аталмыш шараға мектеп оқушылары қатысып, Тәкен Әлімқұлов жайлы оқыған деректерімен бөлісті. Оларға жазушының шығармалары жайлы қысқаша мәлімет берілді.
Жыл сайын дәстүрге айналған бұл акция Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын оқытып қана қоймай, оқушылардың кітапқа деген құрметін арттырады және еркін сөйлеуіне, ойлауына оң әсер тигізеді.