«БІР ЕЛ-БІР КІТАП» 2026 ЖЫЛ ТАҢДАУЫ

28 қаңтар күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында дәстүрлі «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы және биылғы жылы акция аясында оқитын кітапты таңдау отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нүртөре Жүсіп төрағалық етті. Зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, журналистер мен Қазақстанның кітапханалары басшыларынан құрылған комиссия мүшелері ел болып оқылатын кітапты жабық дауыс беру арқылы анықтады. Дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның халық жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» атты тарихи романы таңдалып, 2026 жылы бүкіл ел осы туындыны бірге оқитын болды.