Бір ел – бір кітап

Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған екі автордың шығармалары таңдалды. Олар Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов. Осыған байланысты Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері №12 жалпы орта білім беретін мектептің 5-6 сынып оқушыларымен «Тәкен Әлімқұловтың қаламгерлік құдыреті» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет зерттеушісі, сыншы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын оқушыларға таныстыру және қазақ әдебиетіне қосқан үлесін талқылау мақсатында өтті. Шара барысында Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқылды. Оқушылар да жазушының шығармашылығы жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Leave a Reply