Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі «Бір ел – Бір кітап» республикалық акциясы аясында Дүниежүзілік жазушылар күніне арналған қазақ әдебиетінің керемет туындыларын насихаттау мақсатында әдеби круизді оқырмандарға ұсынады.
Жұмекен Нәжімеденов – көрнекті ақын, қаламгер, Мемлекеттік әнұранының сөздерінің авторы. Өзінің рухты өлеңдерімен танымал болған тұлға, философиялық ойларымен де көзге бірден ілінген тамаша қалам иесі.
Тәкен Әлімқұлов – ақын, жазушы және әдебиет сыншысы. Одан бөлек аудармашы ретінде, қазақ тіліне көптеген жұмыстарды аударды. Күйшілік өнерінен де хабары болған қарымды қаламгердің соңында қалған шығармалары қазақ әдебиет тарихында сақталды.
2025 жылы осы жазушылардың шығармаларын бірге оқуға шақырамыз!!!