Бір ел — бір кітап

20 мамыр кұні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында «Тәкен Әлімқұлов: Әңгіме өнерінің майталманы» атты Biblio квест өткізді. Іс-шараға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері қатысты.
Шара барысында студенттер Тәкен Әлімқұловтың көркем тілі, тақырыптық ерекшеліктері мен әңгіме жанрындағы шеберлігі туралы мағлұматтар алды. Әдеби кейіпкерлерге байланысты сұрақтарға жауап беріп, жазушы шығармаларынан үзінділерді танып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Аталған іс-шара жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, кітап оқуға деген ынтасын оятуға ықпал етті. Сонымен қатар, жазушы мұрасын тануға бағытталған танымдық әрі қызықты формат студенттердің ерекше ықыласына бөленді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *