Бір жазда әлемді аралау

Шет тілдеріндегі әдебиет бөлімі 2021 жылдың 3 маусымында «жазғы тоқсан» өткізу аясында 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Бір жазда әлемді аралау. Вокруг света за одно лето.», атты орман репортаждары отырыс – конкурсын өткізді.
Клуб қатысушылары көрмемен танысты, бейне, слайдтар көрсетті және жазда орманда, суда, өрт кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігін айтты.Сондықтан, біз жазғы тіршілік қауіпсіздігі туралы «Қауіпсіздік әліппесі» – «Букварь правила поведения летом» – «The ABC of Signs» тақырыбына диалог- практикум өткізілді.
Іс-шараның ақпараттық көзі ОБЖ жайлы бейне-баяндар мен мультфильмдер болды. Балалар ойындарға қуана қатысты, өлеңдер оқыды және өз әсерлерімен бөлісті, жазғы демалыс кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы мысалдар келтірді.
Ойнау процесінде үздіксіз өзгермелі жағдайларда балалардың күтпеген жаңа жағдайға оңтайлы жауап беру іс-әрекет дағдылар мен іскерліктері бекітіледі және жетіледі. Ойын баланы командадағы құрдастарымен қарым-қатынас кезінде өз мүдделерін басқалардың мүдделеріне бағындыруға үйретеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *