1809 жылы 4-ші қаңтар күні француз тифлопедагогі Луи Брайль дүниеге келген. Ол зағиптарға арналған бедерлі-нүктелі шрифт (Брайль әліпбиін) ойлап тапты. Бүгінгі таңда Брайль әдісі бүкіл әлемде қолданыста.
Мүмкіндігі шектеулі жандар бізбен бірге бір қоғамда өмір сүруде. Бірақ оларды белсенді ортадан сирек көретініміз рас. Олардың өзгелер секілді өмір сүруі, жұмыс істеуі қаншалықты қиын екені айтпаса да түсінікті. Қазір біздің қоғам өркениетті көзқарасқа бейімделіп келеді.
Арамызда мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз болашақ сыйлап, өздеріне жақын тартып, жан-жылуын беруге ниетті жанашыр жандар да аз емес.
Кітапхана оқырмандары брайль сканері мен принтерін кеңінен қолданады. Ал жастар арасында дауыстап оқитын машиналар мен арнайы компьютерлерге ықылас зор. Ауылдағы оқырмандардың тапсырыстары бойынша оларға түрлі тасымалдағыштарға жазылған кітаптар жеткізіледі.
– Әрине, зағип жандар үшін Луи Брайльдың орны ерекше. Зағиптарға қолайлы, нүктелі-бедерлі жазу жүйесін енгізген ғалым. Бұл – көзі көрмейтіндер үшін мүмкіндік беретін кітаптар, ноталар, математикалық белгілер. Луи Парижде 1809 жылы дүниеге келген, 3 жасында әкесінің шеберханасында пышақпен ойнап отырып, байқаусызда көзін жарақаттап алады. Содан 16 жасында зағиптарға арналған әмбебап нүктелі-бедерлі жазу жүйесін ойлап табады. Брайль жазу жүйесі 1870 жылы Париждегі зағиптардың халықаралық конгресінде ресми бекітілді. Бүкіләлемдегі зағиптар үшін жазудың және кітап басудың бірден-бір тиімді жүйесіне айналды, – дейді Л. Қуантаева.