Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі абонемент секторы әлеуметтік желі қолданушыларына «Географ, этнограф, Орта Азия мен Қазақстанды зерттеуші Г.Н. Потаниннің туғанына 190 жыл» таймлапс ұсынады.
Григорий Потанин Сібір, Қазақстан мен Моңғолия халықтарының географиясын, этнографиясы мен мәдениетін зерттеуге өлшеусіз үлес қосты. Оның ғылыми экспедициялары Орталық Азияның кең байтақ аймақтарын қамтыды. Жинақталған материалдар мен байқаулар қазіргі заманғы ғалымдар үшін әлі күнге дейін құнды дереккөзі болып табылады.