Даниель Дефо – танымал ағылшын жазушысы және публицист, «Робинзон Крузо» сияқты аты танымал әдеби туындының авторы. Биыл бұл қаламгердің туғанына 365 жыл толып жатыр. Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі оқырмандардың назарына «Шытырман оқиғаға толы өмір. Жизнь полная приключений. A Life Full of Adventures» атты медио вояжды ұсынады.
Д. Дефо романның жанр ретінде алғашқы жақтаушыларының бірі болып саналады. Ол бұл жанрды Ұлыбританияда танымал етуге көмектесті, ал кейбір әдебиеттанушылар оны ағылшын романының негізін қалаушылардың бірі деп те санайды.
Д. Дефо – алуан түрлі жазушы, ол әртүрлі тақырыптарда (мысалы: саясат,
экономика, дін, психология және т.б.) 500-ден астам кітап пен журналдар жазды. Ол сонымен бірге экономикалық журналистиканың негізін қалаушы болды. Журналистикада ол ақыл-ой, парасаттылықты насихаттап, төзімділік
пен сөз бостандығын жақтады.