Джейн Остин

XIX ғасырдағы ең танымал әйел жазушысы саналатын Джейн Остиннің туғанына биыл тура 250 жыл толып жатыр.
Бұл қалам иесінің туындыларының көбі әлем әдебиетінің үздік шығармаларына енеді. Ағылшын әдебиетінің «бірінші ледиі» деп аталатын, Джейн Остин, тіпті еуропалық әдебиет тарихында әлемді әйел көзімен сипаттаған алғашқы жазушылардың бірі болды. Ал қазіргі заманғы жазушылардың кейбіреулері оның кітаптарынан әлі де шабыт алып жүр. Джейн Остиннің аса белгілі жұмыстары мәңгілік классика болып саналады және бүгінде де дәйексөз ретінде келтіріледі.