28 сәуір шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Достықтың киелі бесігі. Родства и дружбы сила велика. Friends always live in each other’s heart.» атты тақырыптық кеш өтті.
Кездесуге Красный Яр ОМ 11 «Б» сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар белсенді сұрақтар қойып, ұлттық бірегейлік, Қазақстанның этномәдени бірлестіктерінің тарихы мен дамуы тақырыптарын талқылады. Диалог форматы қатысушыларға жаңа білім алуға, пікір алмасуға және ұлтаралық өзара ара-қатынастың маңыздылығын түсінуді тереңдетуге мүмкіндік берді.
Белсенді қатысқаны үшін қатысушылар мадақтамаларға ие болды. Отырыс фотосессиямен аяқталды.