18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн – адамдарды ұлты мен діни сеніміне қарамастан бір қоғамға біріктіретін тұрақтылық пен келісім күні болып аталып келеді. Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі қолданушыларына «Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» инфотайм ұйымдастырды. Рухани келісім, халықтар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік-біздіңбаға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – біздің негізіміз. Адамдар бір-бірін құрметтейтін елде ұлты мен дініне қарамастан бейбітшілік, достық пен өркендеуболады.