М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының шет тіл әдебиеттері бөлімінің «Funny English»Балалар Ағылшын Клубы (БАК) – «Виртуальное турне по Европе-Еуропаны айнала виртуалды сапар шегу» – кезекті онлайн отырысын біз Еуропа күніне арнадық. Талқылау тақырыбы Германиямен, Франциямен және Польшамен виртуалды танысу болды: «Еуропа – әрқашан жақсы идея. Европа-это всегда хорошая идея. Europe is always a good idea». Еуропа күні – 9 мамыр 1950ж. – ЕО барлық елдеріндегі жыл сайынғы бейбітшілік пен бірлік мерекесі.
Біз отырыс- турнені міндетті түрдегі әр тілде сәлемдесу арқылы бастадық. Ағылшын, неміс, француз және поляк тілдерінде сәлемдесу сөзін бекіттік- Hello – Hallo – Bonjour – Witajcie, біз сәлемдесу және қоштасу сөздерін сол тілдерінде үйрендік. Содан кейін клуб қатысушылары Еуропа туралы, ЕО-ға кіретін елдер туралы презентацияны көрді. Видеоны қарап, біз көптеген жаңа сөздерді жазып алдық. Оқудың негізгі тілі ағылшын тілі болғандықтан, біз әртүрлі тілдердегі барлық өрнектерді ағылшын тіліне аудардық. Содан кейін полиглотиктердің әрқайсысы өлеңді оқып, аударды. Өлеңнен кейін қатысушылармен Еуропа астаналары туралы жұмбақтарды құрастырдық. Тақырыптық суреттерді безендіре отырып, біз өткен материалды бекіттік.