Егемен ел –Қазақстан

25 қазанда елімізде Республика күні мерекесі кең көлемде атап өтіледі. Қазақстанның тәуелсіздігіне негіз болған тарихи құжат –Егемендік туралы Декларация 1990 жылы дәл осы күні қабылданған болатын.
Осы мерекеге орай М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті студенттеріне арнап «Егемен ел –Қазақстан» тақырыбымен патриоттық кеш ұйымдастырды.
Іс-шарада қазақ әдебиетіндегі отан, туған жер, отан қорғау тақырыбы талқыланып, Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғаларға шолу жасалды. Сонымен қатар, студенттердің әдебиет, ғылым жайындағы сұрақтарына толымды жауап берілді. Оқу орнының ұстаздары мен студенттері кітапхана ұжымына ризашылығын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *