2 шілде шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде оқырмандардың назарына 6 шілде – Астана күніне арналған «Ел жүрегі Астана. Астана – Сердце страны. The Heart of the Country» тарихи саяхат – виртуалды кітап көрмесі дайындалды.
6 шілде күні бүкіл Қазақстан бойынша мемлекеттік мереке аталып өтеді, ол шын мәнінде бүкілхалықтық, жарқын, әсерлі және есте қалатын мереке – Астана күні. Виртуалды кітап-көрме сізді әсем қаланың құрылу тарихымен, оның көрікті жерлерімен таныстырады. Көрмедегі әдебиет арқылы болшақтың жарқын қаласының көрікті орындары туралы үш тілде танымды ақпаратты алуға болады.
Астана – еліміздің айнасы мен келбеті, және дүниежүзі бойынша ең жас астаналардың бірі саналатын қала сұлу ажарымен барлық адамдарды өзіне баулайды.