Ел мақтайтын нар тұлға

12 қаңтар күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы «Ел мақтайтын нар тұлға» атты тарихи кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты – тарихи тұлғаның ел дамуына қосқан үлесін, ел үшін атқарған қызметін насихаттау. Аталмыш шараға №12 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен мұғалімдері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Іс-шара барысында слайд-презентация көрсетіліп, Қонаевтың ел дамуына қосқан еңбектері, әсіресе өнеркәсіп, ғылым және мәдениет салаларындағы жетістіктері атап өтілді. Сонымен қатар, оның адами қасиеттері, қарапайымдылығы мен елге қызмет етудегі жауапкершілігі туралы мәліметтер айтылды.