Ел мен ердің жеңісі!

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тұрақты оқырманның қатысуымен Жеңіс күніне арналған «Ел мен ердің жеңісі!» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты — жас ұрпаққа Отан үшін жанын қиған ардагерлердің ерлігін дәріптеу, патриоттық сезімді ояту және тарихи жадыны жаңғырту.
Ақпараттық сағат барысында кітапхана қызметкерлері Екінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері, негізгі кезеңдері мен шешуші шайқастары туралы тың әрі мазмұнды мағлұматтар ұсынды.
Оқырман назарына тақырыптық кітап көрмесі ұсынылды. Онда соғыс жылдарындағы әдебиеттер, ардагерлер туралы естеліктер мен тарихи құжаттар қойылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *