Ел шебіндегі ерлер

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларына «Ел шебіндегі ерлер» атты әскери патриоттық сағат өткізді.
Бұл іс-шара оқушыларға патриоттық тәрбие беру, оларды отансүйгіштікке баулу мақсатында өрбіді.
Іс-шара барысында елін, жерін қорғаған батырлар жайында ақпарат айтылды. Оқушылар да қазақ батырлары жайында өздерінің білгендерін, кітаптан оқыған деректерін еркін жеткізді.
Даңқты батырлардың елдік һәм ерлік жолын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ету — біздің парызымыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *