Ерболат Баятұлы

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Ақпараттық-библиографиялық бөлімі Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы, педагог-ұстаз, әдебиетші ғалым, философия ғылымының докторы, Ш.Уәлиханов университетінің профессоры, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Ерболат Баятұлының 60 жасқа келуіне арналған «Уақыт белдеуі» атты буктрейлерді оқырмандар назарына ұсынды.

          Қалың оқырманды Ерболат Баятұлының шығармашылығымен таңыстырып, Отан сүйгіштікке, патриоттыққа, қазақ тіліне деген құрметті тереңдету.

          Кітапхана қорынан  Ерболат Баятұлының «Түсіме тау кіреді», «Уақыт белдеуі», «Уақыт бедері», «Уақыт шеңбері»  атты кітаптарын алып оқи аласыздар, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына келіңіздер!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *