Ерманова Бостанкүл Азатқызы

2025 жылғы 31 наурызда Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өнер әдебиеттері бөлімінің басшысы – Ерманова Бостанкүл Азатқызын құрметті демалысқа шығарып салды. Ол 1964 жылы 1 наурызда дүниеге келген. Арнайы жоғары білімі бар – Ташкент мемлекеттік мәдениет институтын кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша аяқтаған.
Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК 2015 жылдан жұмыс істейді. 2015 жылдың 19 ақпанында облыстық кітапханаға балалар әдебиеті секторының кітапханашысы ретінде қабылданды. Осы жылдың 2 желтоқсанында Ақмола облысының кітапханаларды дамыту бөліміне әдіскер болып ауыстырылды. 2019 жылғы 8 сәуірден бастап көпшілік іш-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, ал 2019 жылғы 7 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін өнер әдебиеттері бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Жалпы еңбек өтілі 39 жыл, оның ішінде кітапханалық 28 жыл.
«Өңіріміздің өнер майталмандары» жобасының авторы. Жоба кітапхана оқырмандарын облыс мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан, ата-бабаларының мәдени мұрасын сақтап және оны өскелең ұрпаққа насихаттап жүрген мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық қызметімен таныстыру мақсатында ашылды.
Бостанкүл Азатқызы өз жұмысы үшін бірнеше рет марапатталды: облыстық кітапханадан, мәдениет басқармасынан және Ақмола облысының әкімінің, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрінің алғыс хаттарымен. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасынан «Кітапхана үздегі» медалімен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *