Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттер бөлімі Қазақ ән өнерінің алтын қорына мол мұра қалдырып кеткен әйгілі композитор, талантты әнші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығын атап өтуде. Қоңыр дауысының арқасында жылдар бойы халық әндерін орындап, радио мен теледидарда солист болды. Ескендір Хасанғалиев ең алғашқы әрі талант иесін халық арасында композитор ретінде танытқан әні – «Анаға сәлем». Композитордың өзі көзі тірісінде берген сұқбаттарының бірінде «ең алғаш 21 жасымда жазған «Анаға сәлемім» бәрінен де қымбат» деп бұл әніне ерекше бағалаған екен.