20 тамыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қала тұрғындары мен кішкентай оқырмандарына «Есірткіге тәуелділік: алдын алу және көмек көрсету» атты нашақорлыққа қарсы күрес бойынша ашық аспан астында акция өткізді. Аталмыш акцияның мақсаты жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қоғамда жауапкершілік сезімін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, акция барысында ақпараттық парақшалар мен брошюралар таратылды.