Еңбек десанты

9 қыркүйек күні Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында өткен «Еңбек десанты» жастар акциясына қатысты. Акция Облыстық кітапхана ғимаратының маңында өтті. Шара барысында түскен жапырақтар жиналып, қоқыстар тазартылды.