Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, драматург, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ибрагим Низамович Салаховтың (1911-1998) өмірі мен шығармашылығына арналған «Шығармашылыққа саяхат» атты ақпараттық сағат өтті. Кеш барысында Қазақстанның «Парасат» орденінің иегері И. Салаховтың қазақ пен татар әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесі сөз болды. Шараның басты мақсаты жастарға жазушының қилы тағдыры мен оның өшпес мұрасын таныту.
Ақпараттық сағаттың тақырыбы жазушының екі бірдей туындысын қамтыды.
«Дуэль» хикаясы, жазушының адамгершілік пен ар-ұят мәселесін қаузаған туындысы. Ал, «Ярату» пьесасы махаббат пен адалдықтың символына айналған драмалық шығарма. Жиынға қатысқан студенттер жазушы шығармаларындағы кейіпкерлердің ішкі толғаныстары мен автордың шеберлігі туралы өз ойларын ортаға салды. Жастар Салаховтың «Көкшетау даласында» туып, екі елдің мәдениетін тоғыстырған бірегей тұлға екенін ерекше атап өтті.
«Ибрагим Салаховтың шығармалары тек тарихи дерек емес, бұл – рухтың жеңісі. Бұл шара өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір іспетті. Ибрагим Салаховтың есімі мен еңбегі осындай тағылымды кештер арқылы өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақталмақ.



