Жан Ақжанов

12 желтоқсан күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақстандық жазушы, публицист, қоғам қайраткері Жан Ақжановты қадірлі қонақ ретінде қарсы алды. Кездесу жылы, шығармашылық рухқа толы атмосферада өтті.
Кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері жазушыны «Төлеген мұрасы» атты жазушы кабинетіне мазмұнды әрі танымдық экскурсия ұйымдастырды. Бұл кабинет қазақ әдебиетінің інжу-маржандарын ұлықтайтын, ұлттық мұрамызды терең сезінуге мүмкіндік беретін ерекше орын болып табылады.
Экскурсия барысында Жан Ақжанов Төлеген мұрасына қатысты тың ақпараттармен және кітапхана қорындағы құнды еңбектермен танысты.