12 желтоқсан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі «Белсенді ұзақ өмір» орталығымен бірлесе «Жасай бер, қазақ елім!» атты патриоттық әндер кешін ұйымдастырды.
Шарада «Шежіре» фольклорлық ансамблі халық әні «Гүлдерайым»,«Көгілдір Көкше» хоры «Күн дидарлы Қазақстан»,«Вдохновение» вокалдық тобы «Казахстанские степи»,«Ақбұлақ» әуесқой бірлестігі «Здравствуй, мой Казахстан», Жетпістай Жалкенов «Сағынышым туған үй» әндерін орындады.
Кештің ажарын Мәдениет саласының үздігі Кенжебай Мукушев, Оразбике Кенжесарина, Валентина Саломина музыкалық сүйемелдеумен аша түсті. Сонымен қатар Айгүл Оразалықызы «Сол бір желтоқсан…» өлеңін оқып берді. Шарада Тәуелсіздік күніне арналған ашық көрме ұйымдастырылып, оқырмандардың қызығушылығын тудырды.





