Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында М. Жұмабаев атындағы АОУНБ-де 3242 дана кітап цифрлық форматқа көшірілді: сирек қордан – 1025, өлкетану бойынша – 1315 және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында – 902 дана. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. ҚазҰЭК-да өлкетану бойынша 156 кітап жарияланды.
М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінде Google кестелері технологиясын пайдалана отырып онлайн-офис құрылды. Бұл – кітапхана қызметін оңтайландыруға, облыс кітапханалары желісіндегі ішкі жұмыстарды автоматтандыруға және жұмыс уақытын тиімді пайдалануға арналған заманауи тиімді құрал.
М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК кітапханашылары мәтіндер, презентациялар, бейнелер мен суреттер дайындау үшін ChatGPT, Шедеврум, Google gemini бағдарламаларын белсенді қолданады. Ақпараттық роликтерде ЖИ интеллект алгоритмдері арқылы суреттер мен бейнелер жасалады, анимация мен дыбыстау қосылады.
Ақпараттық-библиографиялық бөлім жанында «Келбет» әдеби жобасы жұмыс істейді (ЖИ негізінде). Жобаның мақсаты:1) Қазақ әдебиетін жаңа форматта насихаттау. 2) ЖИ қолдана отырып әдеби тұлғалардың шығармашылық келбетін насихаттау. 3) Заманауи технологияларды пайдалану арқылы жастарды әдебиетке тарту.
Шетел әдебиеті бөлімінде LingvaRoom жобасы аясында ағылшын тілін оқытуда ЖИ кеңінен қолданылады:
1. Нейрожелілерді қолдану клуб жетекшісі – мұғалімнің жұмысын оңтайландырады.
ChatGPT сабақ жоспарын құра алады, қажетті ақпаратты таңдайды немесе сұраққа жауап береді.
2. Сөйлесу дағдыларын чат-боттар арқылы дамыту.
ChatGPT сияқты заманауи чат-боттар виртуалды әңгімелесуші рөлін атқарып, оқушыларға ағылшын тілін шынайы диалогтарда жаттықтыруға мүмкіндік береді.
3. Жаңа лексиканы есте сақтауға сурет бойынша сипаттама жасауға көмектеседі. ProgressMe платформасында ЖИ сұраныс бойынша сурет салады.
4. ЖИ Leonardo AI және Craiyon платформалары арқылы сабақтарға арналған суреттер жасауға көмектеседі. Клуб сабақтарында белсенді қолданылады.
5. Canva платформасы сабаққа қажетті материалдарды тез жасауға көмектеседі.
6. Оқушылардың мотивациясын арттыру.
ЖИ қосымшаларындағы ойын элементтері марапаттар, жетістіктер, деңгейлер клуб қатысушыларының тіл үйрену процесіндегі қызығушылығын арттырады.
Облыстық кітапханада онлайн кездесулер мен конференциялар өткізу үшін Zoom платформасы қолданылады.
Кітапхана қызметтерін ілгерілету ресми сайт және әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылады: Facebook, Instagram (@magjanjumabaev1946), YouTub (АОӘҒК Көкше) және TikTok.