Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі оқу залы секторы кітапхана оқырмандарына Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» дискуссиясын ұйымдастырды. Модератор Жолдаудың 7 бағытына тоқталып, жасанды интеллектке үлкен мән берді, өйткені бұл тақырып қазіргі әлемде өзекті болып келеді.