Жастар және сән

6 мамыр күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, «Жастар және сән» жобасы аясында «Гранат» шығармашылық студиясы оқушыларының «Заманауи көзқарастағы өнер» art көрмесін ұйымдастырды. Шарада Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының орынбасары Савенкова Галина Васильевна студия жұмысына жетістіктер тіледі. Тамаша туынды бейнелеудің қыр-сырын, суретшіге тән қасиеттерді, қарапайым қарындашты ұстаудың өзіндік әдісін жалықпай үйретіп жүрген шығармашылық студияның жетекшісі Анар Талапқызы оқушыларды алғыс хаттармен марапаттады. Көрмеде жас суретшілердің тек қиялынан емес, үлкен еңбегі мен ізденісінен туындаған интерьерлік картиналар орын алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *