ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен 21 қарашада өткен республикалық «Жас кітапханашы 2024: Жаңа мүмкіндіктер уақыты 3.0» жас кітапханашылардың іскерлік іс-шарасына Ақмола облысы мемлекеттік кітапханалар жүйесі бойынша Аршалы, Біржан сал, Бұланды, Шортанды аудандық кітапханалар мен Степногорск, Көкшетау қалалық кітапханалар жүйесінің жас мамандары қатысып, өз жобаларын ұсынды.
Іс-шара қорытындысы бойынша Степногорск қалалық кітапхананың жас кітапханашылары Жақсылықова Толқын Нұржанқызы мен Амреева Аягөз Ермекқызының «ЖаИн» бірлескен жобасы үздік жобалардың қатарына еніп, «Жасанды интеллектіні кітапхана қызметінде пайдаланудағы креативтігі үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз!