26 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына қонақ болып «Ананың жолы» мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналар қауымдастығының төрайымы Анастасия Тукина келді. Бұл ұйым кітапханадағы «Мейірім шуағы-Лучики добра» жобасының серіктесі. Сонымен қатар, кәсіби мереке қарсаңында көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жадыра Әубәкірова инклюзия бағытындағы жұмысы үшін Алғыс хатпен марапатталды.