«Жаңа кітап-жаңа әлем»

15 қаңтар күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері «Жаңа кітап-жаңа әлем» библиофреш ұйымдастырды. Шарада  Ресейлік, Қазақстандық баспалардан  басылып шыққан жаңа кітаптар таныстырылды.

Атап айтсақ өткен жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясында шығамашылығы кенінен насихатталған, Қазақстан Республикасы әнұранының авторларының бірі болып табылған Ж.Нәжмединовтың шығармашылығына арналған Алмас Ахметбекұлының «Жұмекеннен 100 өлең», Шәкен Күмісбайұлының  Қазақ әнін әлемге паш еткен «Дос-Мұқасан» естеліктер, құжаттар, фотосуреттер жинағы, Абай Құнанбайұлының музыкалық мұрасына арналған «Көзімнің қарасы»  нотолармен жинақталған оқу құралы, Жеңіс Кәкенұлының «Ақ зер» 1,2 томдары, Көкшетау жұртшылығына кеңінен танымал  суретші Дулат Қоспановтың «Кескіндеме» үш тілде жарық көрген фотоальбомы, 1000 данамен, Алматы қаласында «Дәуір» баспасынан басылып шыққан, Қазақ КСРО халық артисі, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімұлының өмірі мен өнер жолынан сыр шертетін тағылымды туынды «Актермін мен мың өліп, мың тірілген», Сағат Батырханова «Арқаның абыз театры», Сайлау Пернебаевтың «Ақ пен қара» кітаптарын таныстырып, оқуға кеңес берді.